Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Шэньчжэньде (Қытай) өткен World Tennis Continental Cup турнирінде Олимпиада чемпионы Белинда Бенчичті жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Матч екі сетте аяқталды: 6:3, 6:4. Бұл Рыбакинаның осы жылдағы соңғы жеке матчы болды. Ол осы кездесуде сенімді ойнады.
Бенчич айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Жақсы матч болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын және командамызға көмектесе алғаныма ризамын. Андрей Рублевпен жұптық сындағы ойынға келсек, қызық болғалы тұр. Біз бар күшімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз, – деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.
Ол енді осы турнирде Андрей Рублевпен бірге Валентен Вашро мен Ига Швентек жұбына қарсы ойнайды.