Қазақстанда 29 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
pexels

“Қазгидромет” синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана: жауын-шашынсыз, кейде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 5-10 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -2…-4°C.

Алматы: жауын-шашынсыз, түнде тұман болуы мүмкін. Жел шығыстан соғады, екпіні — 2-7 м/с. Түнде 0…2°C, күндіз +5…+7°C.

Шымкент: кейде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +15…+17°C.