Путин резиденциясына шабуыл жасалды ма

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Украина 29 желтоқсанға қараған түні Новгород облысындағы Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік резиденциясына 91 дронмен шабуыл жасауға әрекеттенген. Барлық дрон жойылған, зардап шеккендер мен шығын туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘСКЕУДІҢ ҰСТАНЫМЫ

Лавров бұл оқиғадан кейін Ресейдің келіссөздердегі позициясы қайта қаралатынын, бірақ Мәскеу келіссөз процесінен шықпайтынын айтты.

ЗЕЛЕНСКИДІҢ ЖАУАБЫ

Украина президенті Владимир Зеленский бұл мәлімдемені жалған деп атады. Оның сөзінше, Ресей мұндай ақпаратты тарату арқылы Киевтегі үкіметтік ауданға соққы жасауға дайындалып отыр.

РЕЗИДЕНЦИЯ ОРНАЛАСҚАН ЖЕР

Путиннің «Долгие бороды» резиденциясы Новгород облысындағы Валдай көлінің маңында орналасқан.

БҰҒАН ДЕЙІН

Германия үкіметі Батыс елдерінің әскери күштерін Украинаға жіберу үшін ең басты шарт – Мәскеу мен Киев арасында бейбіт келісімге қол қою екенін мәлімдеді.