Жемқорлық туралы хабарлаған бес тұрғын миллион теңгеге жуық сыйақы алды

Ulysmedia

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың көбін мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жасайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, 2021 жылдың басынан бастап Алматы облысында барлық ашылған қылмыстардың үштен бір бөлігі жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты мекемелеріне тиесілі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықа қатысты мемлекеттік сатып алу саласында – 10, денсаулық сақтау саласында – 4, білім беру саласында – 11, жер қатынастары саласында – 2, ауыл шаруашылығы саласында – 3, сондай-ақ құрылыс саласында  (тендер, мемлекеттік сатып алу және т.б.) – 4 қылмыс тіркелген.  Сонымен қатар, 154 адам сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 20 адам әртүрлі дәрежедегі жоғары басшылар болып шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгінде қылмыстық-құқықтық шаралардың алдын алу, ағарту және қолдану бойынша кешенді шараларды қамтиды. Осы шеңбердегі міндеттердің бірі – азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы түсіндіру және  сыбайлас жемқорлыққа қатысты  құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы беру.

Жыл басынан бері алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы хабарлаған және сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмектескен 5 тұрғын 962 610 теңге көлемінде марапатталды.