Үржарда балаларды қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Абай облысында Бестерек ауылында алты баланы қағып кеткен 55 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Оқиға салдарынан төрт кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот ер адамды 9 жылға бас бостандығынан (қауіпсіздік деңгейі ең төмен колония) айырып және көлік құралдарын басқаруға 7 жылға тыйым салды. Сонымен қатар зардап шеккен екі отбасыға моральдық зиян ретінде 50 млн теңге төлеуге тиіс.

Тергеу барысында Бестерек ауылының тұрғыны, сотталушы психикалық тұрғыдан сау болып шықты. Алайда 2013 жылдан бері "эпилепсия" диагнозымен есепте тұр және жүйелі түрде ұстамадан зардап шегіп келгені анықталды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты 2025 жылы 19 тамызда болған. Ер адам әйелімен бірге жеке көлігімен көрші ауылға бара жатқан. Сағат шамамен 16:00-де көлік балалар ойнап жүрген жеке үй маңындағы жол бөлігіне шығып кеткен. Жол апатынан алты кәмелетке толмаған бала көлік астына түсіп, төрт бала қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алған.