Мексиканың оңтүстігінде жер сілкінісі болып, ел президентінің баспасөз мәслихаты бірнеше минутқа тоқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Герреро штатында Тынық мұхиты жағалауында магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер асты дүмпуінің тереңдегі – 35 шақырым, сол себепті әртүрлі қалаларда тұрғындар қорқып, үйінен жүгіріп шыққан. Президент Клаудия Шейнбаум сол сәтте Мехикода журналистермен кездесу өткізген. Хабарландыру жүйесі қосылған кезде, ол дүмпуді сезгенін айтып, журналистермен бірге залдан шыққан. Аз уақыттан кейін кездесуді қайта жалғастырған.
Биліктің мәліметінше, қаза тапқандар немесе қирған ғимараттар туралы хабар түспеген. Мехикода да зақымданулар тіркелмеген, дегенмен тұрғындар көшеге шыққан, ал қалада сиреналар мен қорқып үріп тұрған иттердің үні естілген.
КОНТЕКСТ
Герреро штаты қазіргі таңда аса осал аймақ болып есептеледі. Бұл аймақ 2023 жылғы күшті дауылдан кейін әлі қалпына келіп жатыр, ол сол жағалауға айтарлықтай зиян келтірген еді.