Венесуэлаға АҚШ әскері соққылар жасады – Fox News

Сырым Қаржас
Matias Delacroix/AP

Америкалық шенеуніктер Fox News басылымына АҚШ әскерилері Венесуэлаға соққылар жасағанын растады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Венесуэла астанасы Каракаста кем дегенде жеті жарылыс естілген.

– АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) Шығыс стандартты уақыты бойынша сенбі күні сағат 01:00-де барлық америкалық ұшақтарға "Венесуэла әуе кеңістігінде кез келген биіктікте ұшуға тыйым салатын" ескерту жариялаған, – деп жазды басылым.

Еске салайық, бұған дейін Венесуэла астанасында бірнеше жарылыс болғанын жазғанбыз.