АҚШ Венесуэла президентін жұбайымен бірге ұстады — Трамп

Сырым Қаржас
РИА Новости

АҚШ Венесуэлаға қарсы ауқымды арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны жұбайымен бірге ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамптың айтуынша, операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асқан. Ұсталғаннан кейін Мадуро мен оның жұбайы Венесуэладан эвакуацияланған.

— Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді, - деп жазды Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Венесуэладағы ахуалға байланысты арнайы баспасөз конференциясы өтетінін мәлімдеді.

Конференция 3 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 21:00-де Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында өтпек.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Венесуэла астанасында бірнеше жарылыс болғанын жазғанбыз.

Америкалық шенеуніктер Fox News басылымына АҚШ әскерилері Венесуэлаға соққылар жасағанын растады.