"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 қаңтар күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана:
Көшпелі бұлтты, қар жауады, боран, көктайғақ және тұман. Жел оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз –5…–7 °C.
Алматы:
Көшпелі бұлтты, кешке қарай жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр мен қар), көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 2-7 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде –0…–2 °C, күндіз +3…+5 °C.
Шымкент:
Көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде –0…–2 °C, күндіз 0…+2 °C.