Дональд Трамп АҚШ Венесуэланы басқаратынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
АҚШ Венесуэлада "қауіпсіз, тәртіпті және ақылға қонымды" билік орнағанша дейін елді уақытша басқаруға дайын. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Каракастағы оқиғалардан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта Венесуэлаға қарсы жаңа соққы жасаудың қажеті жоқ, алайда қажет болған жағдайда Вашингтон алдағы әрекеттерге дайын. Трамп Николас Мадуроның билігі аяқталғанын және оның енді ел президенті емес екенін айтты.
Ақ үй басшысы сондай-ақ мемлекеттік хатшы Марко Рубионың ұстанымын қайта қолдап, Мадуро Cartel de los Soles атты қылмыстық желіні басқарғанын мәлімдеді.
Еске салайық, Трамп венесуэлалық көшбасшының ұстаған операцияның егжей-тегжейін де айтқан еді. АҚШ президентінің сөзінше, бұл "мінсіз" өткен.
Трамптың мәлімдеуінше, түнгі операция кезінде америкалық әскери күштер мен құқық қорғау органдары Мадуроны бақылауға алған сәтте Венесуэланың барлық күштік құрылымы дәрменсіз болған.