Қазақстандық құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева қайтыс болды

Сырым Қаржас
Facebook

Қазақстандық белгілі құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаралы хабарды журналист Сәния Тойкен естіртті.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Адамдар, не деген кемеңгер едіңдер. Әлемдегі әр оқиғаны талдайсыңдар, бәріне керемет пікір айтасыңдар. Тіпті біреу өлсе де қайғырып некролог жазып үлгересіңдер. Қандай алғырсыңдар?! Бірақ жалғандық, цинизм мен өтірік, иллюзия шұлғауына айналғандарыңды ойламайсыңдар. Ол бар салада, әр қадам басқан сайын. Тыныстаған ауадан бастап, еркін санайтын ақпараттарыңа дейін. Нұрғазы Әсел өтті сол иллюзия-ғұмырдан. Ал бірдеңе жазайын десем саусақтарым бес батпан, миым су, – деп жазды ол.

Әсел Нұрғазиева 2011 жылғы желтоқсанда Жаңаөзенде болған трагедиядан зардап шеккендердің құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмысымен танымал болды. Ол қаза тапқандар мен жараланған мұнайшылардың туыстарын қорғап, билікке қарсы арыздарды дайындауға көмектесті. 2012 жылы құқық қорғаушы қудалауға ұшырады: оны ұсақ бұзақылық айыбымен 12 тәулікке қамады, бұл әрекетті көптеген халықаралық ұйым, соның ішінде Human Rights Watch, оның қызметіне қысым көрсету деп бағалады.

Қазіргі уақытта Әсел Нұрғазиеваның неден қайтыс болғаны нақты хабарланбаған. Ulysmedia.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.