Цифрлық даму министрлігі байланыс пен интернеттегі ақауға қатысты түсінік берді

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, байланыс операторлары желілерінің жұмысында жаппай ақаулар тіркелмеген, телекоммуникациялық инфрақұрылым қалыпты режимде жұмыс істеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕБЕПТЕРІ

Ведомство байланыс операторларына сілтеме жасап, жекелеген пайдаланушылар интернетке қолжетімділік сапасының уақытша төмендеуіне мынадай себептерге байланысты тап болуы мүмкін екенін түсіндірді:

  •  базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;
  •  радиожиілік ортасының ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;
  • желіні бір мезгілде көптеген абоненттің пайдалануы;
  • желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелердің жұмысы үзіліссіз жалғасты. Ел бойынша интернетке қолжетімділік жалпы алғанда тұрақты болды, – делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бүгін, 5 қаңтарда, алматылықтар байланыс пен интернеттегі мәселелерге шағымданған еді. Сонымен қатар "Отбасы банк" мобильді қосымша мен enpf-otbasy порталының жұмысында уақытша ақау болғанын хабарлады.