АҚШ Ресей мұнай танкерін басып алды

Сырым Қаржас
Reuters

АҚШ Венесуэламен байланысты Marinera мұнай танкерін басып алды. Ол Атлант мұхиты арқылы ұзақ қудалаудан кейін атауын өзгертіп, Ресей туын көтерген. Ресей АҚШ-тың бұл әрекетін теңіз нормаларын бұзу деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұрын Bella 1 деп аталған танкер америкалық соттың ордерімен ұсталған. Басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияға іліккен кемелерге қарсы қабылдаған шараларының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

– Басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияға ұшыраған, Батыс жартышардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіретін кемелерге қарсы бағытталған өкімі аясында жүргізілді, – деп хабарлады АҚШ Қорғаныс министрлігі.

Сондай-ақ Оңтүстік қолбасшылық Кариб теңізінде санкцияға іліккен тағы бір танкердің басып алынғанын мәлімдеді. Нақтыланған мәліметке сәйкес, Sophia кемесінің азаматтығы болмаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ресей АҚШ аңдыған танкерді қорғау үшін әскери кемелер жіберген болатын.