Алматыда оқу орнындағы қыздардың кітап оқитын алаңы жабылған

Сырым Қаржас
Фото: Шыңғыс Мұқан

Алматыда Қыздар педагогикалық университетінде қыздардың кітап оқитын алаңы жабылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы “Мазмұндама” баспасының негізін қалаушы, Гарвард түлегі, қоғам белсендісі хабарлады. 

- Осыдан бір жыл бұрын Гүлмира Қанайдың (экс-ректор) “қыздарға кітап оқытайық” деген өтініші бойынша, ҚызПУ-дың жаңа корпусына Саясат Нұрбек бастаған ел зиялыларының қатысуымен UniSpace алаңын ұйымдастырып, 10 млн теңге ақша салып, Coffee Book ашып едік.  Жаңа ректор Бейбіткүл Кәрімова келіп, келісім-шартты ұзартпай, орынды босатыңдар деп жатыр. Мемлекет — нашар менеджер екенін білеміз, нашар серіктес екенін де біліп жүріңіздер!, – дейді Шыңғыс Мұқан. 

Ұлыс тілшісі келісімшарттың мән-жайын білу мақсатында оқу орнының өкілдеріне сауал жолдады.

СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР

Кейінгі ақпарат бойынша, ҚызПУ Coffee Book-пен келісімшартты тағы бір жылға ұзартқан. 

- ҚызПУ-дың ректоры хабарласты. Қарамағындағылар айтқанын дұрыс түсінбепті-мыс. Шартты тағы бір жылға созып береміз деп отыр. Жыл сайын осылай жазба жазып, жобаның қажеттілігін дәлелдеп жатудың қажеті болмайтын шығар деп үміттенемін, - дейді Шыңғыс Мұқан. 

СҰҚБАТ

Сонымен қатар, Шыңғыс Мұқан Ұлысмедиа бас редакторы Самал Ибраевамен қазақ тіліне қатысты мәселелер жайында толымды сұқбат құрған еді