Әкімдіктер көлікті қыздыру уақытына шектеу қояды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қаңтарда жаңа заңға қол қойды. Ол цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік саласына қатысты өзгерістерді қамтиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Енді әкімдіктер елді мекендерде қозғалтқышы қосулы тұрған көліктердің қанша уақыт тұра алатынын өздері анықтайды.

ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ

Бұл талап жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да шұғыл қызмет көліктеріне қолданылмайды.

"Егер қозғалтқышы қосулы көлік тұрғындарға қолайсыздық тудырса, әкімдік белгілеген уақыттан артық тұруға болмайды", – деп жазылған.

ҚЫЗДЫРУ УАҚЫТЫ ЖӨНІНДЕ ПІКІР

Қаңтар айында бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев солтүстік өңірлерде көлікті бес минут қыздыру жеткілікті екенін айтты. Ол тіпті тәжірибе жасап, түнде сыртта қалған көлікті таңертең бес минутта қыздырып көрсеткен видеосын жариялаған.