Франция парламенті вице-спикерінің бірі Клеманс Гетте АҚШ-тың әрекеттеріне байланысты елдің НАТО-дан шығу мәселесін талқылауға шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Гетте Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ "Венесуэлада мемлекет басшысын ұрлап әкетті" және "Палестинадағы геноцидке әскери қолдау көрсетіп отыр" деп жазды. Сондай-ақ саясаткер АҚШ Гренландия үшін де қауіп төндіріп отырғанын, ал Дональд Трамптың басшылығымен "халықтарды бомбалап, халықаралық құқықты толықтай бұзып жатқанын" атап өтті.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Бүгінде Францияның Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына мүше болуы бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналды. Бұл – АҚШ басқарып, өз мүддесіне қызмет ететін әскери альянс. Мен НАТО-дан жоспарлы түрде шығу жөнінде, ең әуелі оның интеграцияланған қолбасшылық құрылымынан шығуды көздейтін резолюция ұсынысын енгіземін, – деді Гетте.