Әлеуметтік желілерде екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің кешірілетіні туралы хабар тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұның жалған екенін мәлімдеді.
– Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.
Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік бар екенін ескертті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін 21 жасқа дейінгі шамамен 19 мың қазақстандықтың микронесиелер бойынша мерзімі өткен қарызы бар екенін хабарлаған едік.