Тоқаев Израиль премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Сырым Қаржас
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль тарапының бастамасымен премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Бұдан бөлек, Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді. Израиль премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.