Боксшы, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады.
Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.
Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)
Бақыт Сәрсекбаев 1981 жылы дүниеге келген. Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.
2024 жылғы желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.