Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану уақытша тоқтатылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

2026 жылғы 12 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЗЖ есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды.

БЗЖ-ын пайдалану арқылы емдеуге өтінімдерді қабылдауды қайта бастау туралы талаптарды түзету аяқталғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін зейнетақы жинағын көз емдеуге және пластикалық ота жасауға пайдалануға тыйым салынған болатын.