Енді Өтешов Қызылорда облысының ауыр атлеттерін жаттықтырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Олимпиада чемпионы, қазіргі Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаев ауыр атлет Алмас Өтешовті ересектер арасындағы облыстық ауыр атлетика құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындады.
СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Алмас Өтешов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол екі мәрте әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Лондон Олимпиадасына қатысқан, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатның «күміс» жүлдегері Алмас Өтешов өмірдің қиындығымен бетпе-бет келгенін айтып берген еді.
ӘЧ жүлдегері мәселен, қаңтарда әлем чемпионаты болса, қаңтарға дейін допинг толығымен қабылдаймыз деп мойындайды.
Ұлттық құрамадағы допинг дауының көбі Алексей Ни бас бапкер кезінде болды. Сарапшылар мен жанкүйерлер спортшылардың допинг дауына ілінгеніне осы маманды айыптайды.
Олимпиадада алтын алған атлеттер, оның ішінде Нижат Рахимов те бар, мемлекеттен 250 мың доллар сыйақы, пәтер, автокөлік алған еді. Кейін олар допингпен ұсталған соң жұрт спортшылардан ақшаны қайтарып алуды талап еткен. Бірақ билік допингпен ұсталған спортшылардың сыйақысын қалдырған.