Атыраулық «хакер» мәлімдеме жасады

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Атыраудан шыққан өзін «хакермін» деп атаған азаматтың оқиғасы жаңа кезеңге өтті. Бұған дейін оны ел ішінде полиция іздесе, енді халықаралық деңгейде іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ХАКЕРДІҢ» ӨЗІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Күдікті әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

— Алдымен мені полиция іздеді, енді халықаралық деңгейде іздеуде тұрмын. Прокуратура істің тоқтатылғанын хабарлады, бірақ мені әлі де іздеп жатыр. Қарыз болған адамдарымның бәрі қолхат берді. Осындай сомамен күдіктіні халықаралық іздеуге жариялағанын бірінші рет көріп отырмын, — деп жазды ол Instagram желісінде.

Бұған дейін ол жоғалған отбасының қайда екенін өзі анықтағанын айтып, SIM-карталарды, геолокацияны және қаржылық деректерді талдағанын мәлімдеген еді.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, ол ешқандай SIM-карта немесе қаржылық операцияларды өз бетінше талдамаған. Барлық ақпаратты тергеушілер ресми түрде жинап, рәсімдеген. «Хакер» тек бұрыннан белгілі деректерді қайталаған.

Сонымен қатар, оған қатысты төрт қылмыстық іс қозғалған. Барлығы алаяқтық фактілеріне байланысты. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Осы себепті ол халықаралық іздеуде тұр.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ

Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Жангелді ауылы тұрғындарының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіге, сондай-ақ қаза тапқандардың 30 жастағы қызы халықаралық іздеуге жарияланды.

Қылмыс жасады деген күдікке Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны ілініп отыр. Сонымен қатар, іске басқа тұлғалардың да қатысы болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр.