Өзбекстанда 17 мыңнан аса шенеунік қызметінен қысқарады

Ulysmedia

Өекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер (24 пайыз) қысқарады.

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босайды. Осы шаралар нәтижесінде Өзбекстан билігі мынадай қаржы үнемдейді:

  • Штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар) ;
  • Көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) (жанармай, май, шиналарды ауыстыру және т.б. шығындарды қосқанда).

Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы шектеулі саны 56 573 адам болады.

Жарлыққа сәйкес министрліктер мен ведомстволардың бюджеттен тыс қаражаты есебінен қосымша штат енгізуге қатаң тыйым салынады.