"Қыз алып қашу - жабайы қылмыс": Тоқаев Нұрай ісіне пікір білдірді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Шымкентте Нұрай есімді қыздың кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш түсті. Нұрайды аңдып, қоқан лоққы көрсеткен (күдікті). Ақыры арты адам өлімімен бітті. Осыған байланысты Ішкі министр министрлігіне, Шымкент полициясына құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокуроратура дабұл мәселені мұқият тексереді. Қыз алып қашу, адам ұрлау – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Мұндай қатігездікке жол беруге болмайды, – дейді президент. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Күдікті екі күннен кейін, яғни 13 қаңтарда ұсталған