Гренландия дауы 800 млрд долларлық келісімді бұзды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Financial Times газетінің хабарлауынша, Еуропа мен Америка Құрама Штаттары Данияның автономиялық аумағы — Гренландияны бақылауға алу мәселесінде келісе алмай, Украинаға арналған «процветание жоспары» бойынша келіссөздер тоқтап қалды. Бұл жоспар соғыстан кейінгі елді қалпына келтіруге 800 миллиард АҚШ долларын тартуды көздеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОСПАРЛАНҒАН ЖАРИЯЛАУ

Алғашында «бейбітшілік жоспары» туралы ресми мәлімдеме Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда (19–23 қаңтар) жасалуы тиіс еді. Сол жерде АҚШ, Еуропа және Украина өкілдері құжатты келісіп, қол қоюды жоспарлаған. Алайда қазір бұл шара кейінге қалдырылды.

ГРЕНЛАНДИЯ ДАУЫ ЖӘНЕ «БЕЙБІТШІЛІК КЕҢЕСІ»

Бір дереккөздің айтуынша: «Қазір ешкім АҚШ президенті Дональд Трамппен келісім төңірегінде үлкен шоу жасағысы келмейді». Оның сөзінше, Гренландия төңірегіндегі дау және Трамп жариялаған «Бейбітшілік кеңесі» бастамасы Украинадағы соғысты реттеу тақырыбын көлеңкеде қалдырды.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ШЕШІМІ

Қаңтар айының басында ақпарат құралдары Вашингтон мен Киевтің 800 миллиард долларлық қалпына келтіру келісімін Давоста қол қоюға дайындалып жатқанын жазған. Бірақ нақты күн белгіленбеген, себебі құжат әлі толық дайын емес еді.

20 қаңтарда Украина президенті Владимир Зеленский форумға тек АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі және «процветание жоспары» бойынша құжаттарға қол қойылған жағдайда ғана баратынын мәлімдеді. Ол мұны Ресейдің Киев пен басқа өңірлерге жасаған кезекті жаппай шабуылынан кейінгі зардаптарды жою қажеттілігімен түсіндірді.