Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ризуан Хайржанов соттың аса қатаң жаза тағайындауына «қоғамдық қысымның тым жоғары болуы» себеп болды деп есептейді.
- Келесі кезең — апелляциялық сот. Егер үкім заңды күшіне енсе, Ризуан мен Алтынбек №39 мекемеге — “Қара бүркітке” этаппен жіберіледі. Қазіргі уақытта олар тергеу изоляторында отыр. Олардың қолында телефон да, интернет те болуы мүмкін, — делінген “Не Молчи” қорының жазбасында.
ҮКІМ
Еске салайық, 17 қарашада Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шыққан болатын. Күдікті Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.