Қарағандыда Серік Сәпиев соққыға жығылған

Сырым Қаржас
kfb.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Желідегі деректерге сәйкес, Сәпиевке дене жарақатын салған күдікті ретінде оның орынбасары Дәурен Есімханов аталады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

- 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған, – дейді полицейлер. 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.