Қазақстанда 2022 жылғы желтоқсанда ақша айырбастау пункттерінде қолма-қол рубльді сатып алу-сату қараша айымен салыстырғанда екі есе өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.
"Қазақстандықтардың айырбастау пункттерінде Ресей Федерациясының қолма-қол рублін сатып алуы, сатуы желтоқсан айында 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда екі есеге, 6 млрд теңгеге қа өсті", - делінген банк сайтында жарияланған есепте.
Есепке сәйкес, АҚШ долларын сатып алу-сату 14%-ға – 235 млрд теңгеге дейін, ЕО-ның қолма-қол еуросын сатып алу-сату – 44%-ға – 22 млрд теңгеге дейін, Ұлыбританияның қолма-қол фунты саудасы – 1,8 есе – 384 млн теңгеге дейін өсті.
Жалпы, желтоқсан айында қазақстандықтар 264 млрд теңгеге қолма-қол валюта сатқан және сатып алған.
еске сала кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар Т489 млрд. теңгеге валюта сатып алды.