Мұғалімдерге жалақыдан бөлек қандай үстемақылар қосылған?

Сырым Қаржас
gov.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерге жалақыдан бөлек қосылатын үстемақылар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сүлейменованың сөзінше, заң аясында мұғалімдерге 16-24 оқыту сағаты аралығында беріледі. 

- Педагог ретінде бастайды. Ең жоғарғы санат – педагог-шебер. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге берілетін үстемеақы бар. Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге де үстемеақы беріледі. Экологияға байланысты, дәптер тексергені үшін берілетін үстемақылар бар. Жаңартылған мазмұнда ағылшын тілінде сабақ бергені үшін ақы қосылады. Төмен жалақы мынау, ал мынау жоғары алады деп көрсете алмаймыз. Бұдан бөлек әлеуметтік педагогтер бар. Бұл (мұғалімдердің жалақысы) шамамен де айтуға келмейтін мәселе, – дейді министр.