Әйелді аса қатыгездікпен өлтірген атыраулық өмір бойына сотталды

Сырым Қаржас
Freepik

Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Д. есімді азаматты алаяқтық, зорлау, жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ ұрлық пен автокөлікті заңсыз иемдену баптары бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот үкімімен айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот шешімімен жәбірленуші тараптың пайдасына материалдық және моральдық шығын өндіру міндеттелді.

Айыпталушы мен оның қорғаушысы берген апелляциялық шағымды Атырау облыстық соты қарап, бірінші сатыдағы үкімді өзгертуге негіз таппады. Нәтижесінде сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық өтініштер қанағаттандырылған жоқ.