Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, Шымкент қаласының полиция департаменті Нұрай Серікбайға қатысты қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.
— Иә, растаймын. Шымкент қаласы полиция департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша Нұрайға қатысты «сталкинг» дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеді, — деді адвокат Ulysmedia.kz тілшісіне.
СТАЛКИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Еске сала кетейік, «сталкинг» туралы бап Қазақстанда өткен жылдың қыркүйек айынан бастап енгізілген. Егер ауырлататын жағдайлар болмаса, заңда мынадай жазалар қарастырылған:
КОНТЕКСТ
Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Еске сала кетейік, қызды өлтірді деген күдікке ілінген Шерхан Аймахан қазан айының басында Нұрайды Алматыдан Шымкентке өз үйіне алып кеткен. Ол жақтан Нұрайды жақындары полиция шақыртып алып кеткен. Видеоны тергеу барысында қызметтік салғырттық дерегі бойынша жұмыстан босатылған бұрынғы полиция қызметкері жариялаған, деп жазды «Жетінші арна».
Жақында желіде Нұрай Серікбайдың видеосы тарады. Онда ол жас жігітпен өз еркімен кеткенін айтқандай көрінеді. Аталған бейнежазба оның қаза болуынан бұрын түсірілген. Марқұмның отбасының адвокаты бұл жағдайды тергеу құпиясының бұзылуы деп бағалады.