Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға сот үкімі шықты

Сырым Қаржас
instagram

29 қаңтарда Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік және қырғызстандық боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы соттың ресми Telegram-арнасында хабарланды. Сот мәліметінше, Екатерина Бивол РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.

Іс материалдарының егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін, қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған болатын. Ведомство оның экстрадициясы мәселесін көтеру ниеті барын мәлімдеген. Кейін ол іздеуге жарияланды.

Осыған ұқсас қылмыстық іс Қырғызстанда да қозғалған. Онда Екатерина Бивол ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген.

Тергеулерге себеп болған видео — Биволдың көлік жүргізіп келе жатып, түрлі ұлт өкілдеріне ашық түрде тіл тигізген жазбасы.