"Үйде жалғыз" фильмінің жұлдызы Кэтрин О’Хара 71 жаста өмірден озды

Сырым Қаржас

Америкалық-канадалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы актрисаның агенті ресми түрде растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Үйде жалғыз" фильмінің жұлдызы Кэтрин О’Хара 71 жаста өмірден озды

Америкалық-канадалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы актрисаның агенті ресми түрде растады.

Көпшілік Кэтрин О’Хараны ең алдымен голливудтық "Үйде жалғыз" фильміндегі Кевиннің анасы рөлі арқылы жақсы таныды. Фильмде оның кейіпкері ұлын демалысқа ұшаққа мінгенше бірге алып кететініна сенгенімен, ұлы үйде жалғыз қалғанын соңғы сәтте ғана аңғарып, кері оралуға тырысады. Актриса сол рөлді "Үйде жалғыз 2" (1992) сиквелінде де ойнаған.

2010-жылдардың ортасында О’Хара жаңа буын көрермендерінің үлкен құрметіне ие болды. Ол «Шиттс Крик» комедиялық сериалының негізгі құрамында басты рөлдердің бірін орындап, миллиондаған жанкүйер жинады. Бұл сериял байлығынан айырылып, шағын провинциялық қалаға көшкен миллиардер отбасының күнделікті өмірі туралы баяндады. О’Хара онда басты кейіпкердің жұбайы — бұрын танымал актрисаны сомдады. Оның экрандағы жұбайы рөлін Юджин Леви орындаған.

Кэтрин О’Хара актерлік мансабын 1970-жылдардың ортасында Канадада бастады және алғашында комедиялық телешоуларға қатысқан. Ол тек актер ретінде ғана емес, сонымен бірге сценарий жазушы ретінде де еңбек етті. Оның осы еңбегі үшін 1982 жылы алғашқы "Эмми" сыйлығына ие болды.

Кино әлемінде оның алғашқы іргелі табыстарының бірі — Тим Бертон түсірген "Битлджюс" фильмі болды. Ал "Үйде жалғыз" комедиясы актрисаның мансабындағы ең көп есте қалған әрі көрерменге жақын жобаға айналды.

Кэтрин О’Хара бірнеше буын көрермен үшін отбасының жылулығы, юмор және жылы эмоциялармен байланысты образдармен есте қалды.