Қазақстан Ұлттық банкі "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 доллар есептелді. Жыл соңына қарай бағдарламаға 6,9 млн бала қатысушы болған.
КОНТЕКСТ
Бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылған. Алғашқы жылы балаларға 100,52 доллар, ал 2025 жылы 129,38 доллар аударылған. Төлем мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады. Ол Ұлттық қордың инвестициялық табысына және оның валюталық активтерінің көлеміне байланысты.
Балалардың шотына түскен қаражат бірден жұмсалмайды. Ол бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қорда инвестицияланып, қосымша табыс әкеледі. Инвестициялық кірісті есептегенде, бір балаға жиналған жалпы сома 370,56 доллар болды.