Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Алматыда жүк көлігінің қатысуымен болған жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жол-көлік оқиғасы 31 қаңтар күні күннің бірінші жартысында Алмалы ауданында, Розыбакиев көшесінде болған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған адамды қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Адам өліміне әкеп соққан апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.