Қазақстанда 500-ден астам елді мекен ішімдіктен бас тартты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазіргі таңда Қазақстанда 546 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтыну мен сатудан ерікті түрде бас тартқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ дерегінше, ел көлемінде жүргізілген ауқымды профилактикалық іс-шаралар барысында полиция есебінде тұрған 9 мыңнан астам адам тексерілген.

- Қазіргі таңда 546 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтыну мен сатудан ерікті түрде бас тартты. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейінің, соның ішінде алкогольдік мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтардың азайғаны байқалады, – делінген ресми ақпаратта.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін бір өңірде бірден 18 ауылдың алкогольден толықтай бас тартқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ «ішімдіксіз ауылдардың» бірінде алты жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмегені айтылған.