Нұрайды өлтірген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, іс аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бабы бойынша қайта сараланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Істің қайта сараланғанын қаза тапқан қыздың отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

— Жақында Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып тағайындалған Е. Ережеповке, сондай-ақ тергеу басқармасының басшысы Ж. Құлмаханға алғысымды білдіремін. Енді бұл іс бойынша толық әрі жан-жақты тергеу жүргізіледі деп үміттенеміз, — деп жазды адвокат Threads әлеуметтік желісінде.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте мерт болды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қыз көңіл білдіріп жүрген жігітіне, яғни күдіктіге тұрмысқа шығудан бас тартқан. Күдікті оны бастапқыда алып қашқан еді. Сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс Нұрай мерт болған соң қозғалған.