Тоқаев Гренландия мен АҚШ мәселесі туралы ойын айтты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаев The News Pakistan газетіне берген сұқбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесін халықаралық құқық пен ақылға қонымды шешімдер тұрғысынан қарау керек екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тоқаев аралды әскери жолмен басып алу мүмкін бе және қай сценарий шынайы деген сұраққа жауап беріп, әлемде елдердің өзара тиімділік үшін аумақтарды немесе маңызды нысандарды ұзақ мерзімге жалға алу тәжірибесі бар екенін атап өтті.

- АҚШ пен Данияның Гренландияны 120 жылға жалға алу туралы келісім жасауы мүмкін. Бұл жағдайда Гренландия заң жүзінде Данияның құрамында қала береді, яғни оның егемендігі бұзылмайды. Ал келісімнің нақты шарттары тараптардың ортақ стратегиялық мүдделеріне сай болады. Диалог, жауапты саясат және халықаралық құқықты құрметтеу арқылы тараптар соңында баршаға тиімді, ақылға қонымды шешімге келеді деп үміттенемін, — деді мемлекет басшысы.