АҚШ өз азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды

Сырым Қаржас
US Navy

АҚШ билігі америкалықтарды Иран аумағынан шұғыл түрде кетуге үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дипломатиялық миссия АҚШ азаматтарына үкімет көмегіне үміт артпай, елден өз бетімен шығу жоспарын әзірлеуді ұсынды, құрлық арқылы Армения немесе Түркия бағытында, деп жазады DW.

- Ираннан дереу кетіңіздер. АҚШ үкіметінің көмегіне тәуелді болмайтын шығу жоспарын жасаңыз. Әуе рейстері ескертусіз тоқтатылуы немесе үзіліс алуы мүмкін, – деп мәлімдеді АҚШ-тың виртуалды елшілігі.

Мәлімдемеде АҚШ пен Иран арасында дипломатиялық қатынастар жоқ екені, ал америкалықтар бұл елде тергеуге, қамауға алынуға және ұсталуы мүмкін екені айтылған.

- Егер елден шыға алмасаңыз, үйіңізде немесе басқа қауіпсіз ғимаратта паналаңыз. Азық-түлік, су, дәрі-дәрмек және өзге де қажетті заттарды алдын ала дайындап қойыңыз. Наразылықтардан аулақ болыңыз, көзге түспей жүріңіз және айналаңызға мұқият болыңыз, – деп үн қатты елшілік.

Сондай-ақ АҚШ елшілігі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын бақылап отыруға, жоспарларды өзгертуге дайын болуға, телефонды үнемі қуаттаулы ұстауға және туыстар мен достармен байланыста болуға кеңес берді.