Қазақстанда азаматтықтан айыру себептерін Конституцияда бекітілмек

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Билік Қазақстан Конституциясында екінші паспорты бар тұлғаларды азаматтықтан айыру нормасын бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ата заңда қос азаматтыққа және бірнеше елдің азаматтығына тікелей тыйым салу нормасын нақты көрсету көзделіп отыр.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, егер Қазақстан азаматының басқа мемлекеттің паспорты бар екені анықталса, бұл Қазақстан азаматтығын тоқтатудың ресми себебі болады. Ал мұндай рәсімнің нақты тәртібі жекелеген заңдармен айқындалады.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтық заң жүзінде тыйым салынған. Қазіргі таңда мұндай құқықбұзушылық үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, әкімшілік жолмен елден шығару, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айырылу шаралары қарастырылған.