"Қазгидромет" болжамына қарағанда, 9 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Соның салдарынан жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ, тұман және желдің күшейеді деп болжанып отыр. Жауын-шашынсыз күн тек республиканың шығысында ғана болады.
Әсіресе, батыс және оңтүстік өңірлерде, Алматы облысының таулы аудандарында, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні күшті жел соғады.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында және Түркістан облысының таулы асуларында күндіз жел екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары жетуі мүмкін.
КОНТЕКСТ
Синоптиктер 8 ақпанда екі қалада ауа лас болатынын ескерткен еді.