Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, қазіргі жағдайға байланысты пікір білдіруден бас тартатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның сөзінше, бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр және олар барлық құзырлы органдармен тиісті деңгейде жұмыс жүргізеді.
Сабуров стендаптағы шығармашылық жолы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталғанын, кейін Мәскеуде жалғасқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол Ресейдің көптеген қалаларында өнер көрсетіп, көрермендер тарапынан әрдайым жылы қабылдау көргенін айтты.
- Шығармашылық дамуыма мүмкіндік берген, өнер адамы ретінде қалыптасуыма жол ашқан елге ризамын. Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты үлкен аудитория жинадым, – деді ол.
Сондай-ақ Нұрлан Сабуров журналистерге, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарына үндеу жасап, отбасына қатысты жеке өмірдің сақталуын сұрады.
- Жұбайым мен балаларымның, ата-анам мен жақындарымның жеке өміріне құрметпен қарауларыңызды өтінемін, – деп жазды стендап-комик.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Сабуровқа Мәскеуге ұшып барғанда Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Ресейлік БАҚ мәліметінше, мұндай шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған.
Алайда РФ-ның ресми ведомстволары да, әзілкештің өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға қатысты әзірше жария түсініктеме берген жоқ.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың өзі де оның заңды өкілдері Ресейдегі ҚР Елшілігіне жүгінбегенін хабарлады.