АҚШ Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерді басып алды

Сырым Қаржас
pixabay.com

АҚШ әскери күштері Батыста Ресейдің «көлеңкелі флотының» бір бөлігі саналып жүрген Aquila II мұнай танкерін тоқтатты. Операция 9 ақпанға қараған түні жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Америкалық тараптың дерегінше, кеме санкциялық режимді бұзған, яғни мұнайды шектеулерді айналып өтіп жеткізуге қатысқан. Танкер қудалаудан қашпақ болғанымен, оның бағыты анықталып, кейін кеме тоқтатылып, бақылауға алынған. Әскери ведомство өкілдері мұндай операцияларды әлемнің кез келген нүктесінде — теңізде, әуеде және құрлықта — тоқтатуға қабілетті екенін мәлімдеді.

ТАНКЕР ТУРАЛЫ

Aquila II бұған дейін-ақ АҚШ, Еуропалық одақ, Ұлыбритания, Канада, Швейцария және Украина санкцияларына іліккен. Салалық мониторингтік ресурстардың мәліметінше, кеме Sunne Co Limited компаниясымен байланысты. Бұл компанияға Вашингтон 2025 жылдың басында Ресейдің энергетика секторындағы қызметі үшін шектеулер енгізген. Танкер санкцияларды айналып өту схемаларын пайдаланып, Ресей мен Венесуэла мұнайын тасымалдады деген күдікке ілінген. Бұған дейін мұндай кемелердің жиі транспондерлерін өшіріп, өз орналасқан жерін жасыратыны хабарланған. Aquila II Ресей мен Венесуэла порттарынан Қытайға және өзге елдерге мұнай жеткізумен байланыстырылады. Ашық кеме дерекқорларында танкердің тіркелуі мен туына қатысты мәліметтер бір-біріне қайшы. Америкалық тарап бұл операцияны заңсыз теңіз мұнай тасымалдарына қарсы күрестің бір бөлігі ретінде бағалап отыр.