Иерусалимде теракт жасаған күдіктінің ата-анасы ұсталды

Ulysmedia

Израильдің қорғаныс әскері Шығыс Иерусалимнің Неве-Яаков кварталындағы синагога алдында оқ атқан лаңкестің ата-анасын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

«Израиль қорғаныс әскерінің күштері атыстан бірнеше сағат өткеннен кейін лаңкестің ата-анасын тұтқындап, Шығыс Иерусалимдегі үйін қоршауға алды», - делінген басылымның ақпаратында.

Кейінірек полиция синагога маңындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 42 адам ұсталғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Иерусалимнің шығысындағы Неве-Яаков кварталында синагога алдындағы атыстан 7 адам мерт болып, 10 тұрғын жарақат алғаны хабарланған болатын. Қарудан оқ жаудырған 21 жастағы лаңкестің көзі жойылды.

Қылмыскер ХАМАС радикал тобы әскери қанатының мүшесі болған. Олар бұл шабуылды «палестиналықтардың өлімі үшін кек алу» деп мәлімдеді.