Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Роттердамда (Нидерланд) өткен турнирдің ширек финалында испаниялық Хауме Муньярді жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бублик Муньярды үш сет қорытындысы бойынша — 6:4, 6:7 (4:7), 7:6 (7:3) ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.

КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС КІМ?

Александрдың келесі қарсыласы — канадалық теннисші Феликс Оже-Альяссим (6-орын).

Айта кетейік, Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жүлде қоры – 2 462 660 еуро. Жеңімпаз 460 555 еуро табыс тауып, 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Турнирдің басты фавориті – аустралиялық Алекс де Минаур (8-орын). Ол жарыста бірінші нөмірмен ойнап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохадағы турнирдің финалына шыққанын хабарлаған едік.