Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық теннисші жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті.

Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувеймен кездесті.

Шешуші кездесу Анна мен Александраның жеңісімен аяқталды – 0:6, 7:6, 10:8.

Айта кетейік, Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал.