Қостанай облысының тұрғыны киікті атқаны үшін түрмеге тоғытылуы мүмкін

Сырым Қаржас
pexels

Жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кезінде полицейлер заңсыз аң аулау дерегін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Alau.kz хабарлауынша, Қостанай облысының Жангелдин ауданында жойылып кету қаупі бар сирек жануар — киікті заңсыз ату фактісі тіркелген. Полиция қызметкерлері тіркемесі бар автокөлікті және жануардың ұшасын тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бапқа сәйкес киікті заңсыз аулау, жою, сондай-ақ заңсыз алынған жануарды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.