"Ташиев енді ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді" - Жапаров

Сырым Қаржас
Фото: президенттің баспасөз қызметінен

Қамшыбек Ташиев ешқандай мемлекеттік лауазымға тағайындалмайды. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қамчыбек Ташиевпен арадағы достық қарым-қатынас сақталатынын атап өтті.

— Мен табиғатымнан даулы мәселелерді айқай-шу мен жанжалсыз, сабырмен шешкенді қалаймын. Біз дос болып қала береміз. Бірақ бұл адам енді ешқандай мемлекеттік қызмет атқармайды. Демалып, денсаулығына көңіл бөлсін. Оның айналасы «ақсақалдардан» арылуы керек. Барлық жағдайды тергеу органдары анықтайды. Қазір алғыс емес, реніш болуы мүмкін. Бірақ жылдар өткен соң ол: «Досым, сен ол кезде дұрыс шешім қабылдапсың», — деп айтады деп ойлаймын, — деді Садыр Жапаров.

САРАПТАМА

Президент пен парламент спикеріне жазылған ашық хат, отставка, ұстаулар мен биліктегі екі достың текетіресі. Кейінгі 35 жылда үш рет революция болған Қырғызстан билігінде не болып жатыр? Бұл туралы Ұлыс тілшісі сараптама материал жасады.