Даудан кейін Burger King желісіндегі басшыларының бірі уақытша қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, даудан кейін Burger King желісінде қызметтік тексеріс жүргізілген.
«Мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (“QSR” ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Контекст
Бұған дейін Алматы тұрғын Жанат Қаратай аутизммен ауыратын 27 жастағы ұлы Әлібек Қаратайдың жұмысынан кетуге мәжбүр болғанын айтып, қоғамнан қолдау сұраған. Ол ұлыныңтөрт жыл бойы Burger King желісінде тұрақты жұмыс істеп, өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезініп келгенін айтқан. Алайда, жағдай аймақтық жаңа басшы келгеннен кейін өзгерген. Жанат Қаратайдың сөзінше, Сергей есімді жаңа өңірлік жетекші тағайындалған соң, ұлына қатысты «үнсіз қысым» басталған.
Желідегі шудан кейін компания өкілдері ресми жауап берді. Олардың сөзінше, Әлібек Қаратай жұмыстан шығарылмаған.