Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кәсіпкер Анатолий Балушкинге тиесілі болған "Азия автоның" тағдыры туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Сот өтті. Компанияне не істеу керегін қарастырамыз. Қазіргі уақытта компанияда жұмысшылар бар. Инвесторларды қарастырып отырмыз. Инвесторлардың Қытаймен байланысы жоқ, – дейді министр.
«АЗИЯ-АВТО» ІСІ
Анатолий Балушкин басқарған «Азия Авто – Бипэк Авто» компаниясына қатысты жанжал 2020 жылы басталды. Сол кезде билік компаниямен жасалған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзып, 10 жыл ішінде берілген жеңілдіктер үшін 174 млрд теңгені мемлекетке қайтаруды талап еткен. Ресми себеп – өнеркәсіптік құрастыру бойынша міндеттемелердің орындалмауы.
Аталған кезеңде «Бипэк Авто» концерні Қазақстандағы автомобиль нарығының шамамен 25%-ын иеленіп, зауыттарында LADA, KIA, UAZ және Skoda маркалы көліктер шығарылған. Балушкин бұл жағдайды экс-ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен сол кездегі премьер-министр Асқар Мамин тарапынан «рейдерлік басып алу» деп атаған.
2021 жылы кәсіпкер алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуге жарияланды. Ал биыл сәуір айында ол сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. БАҚ деректеріне сүйенсек, қазір Балушкин Ресей аумағында жүр, алайда оны экстрадициялау әзірге мүмкін болмай отыр.